Фестивальдің 6 жылдық тарихында алғаш рет оған Қазақстаннан келген ұжым қатысайын деп отыр.
Байқау-фестивальдің мақсаты — дарынды балаларды қолдап, композиторлар мен музыкалық ұйымдардың назарын талантты балаларға аудару, деп хабарлайды қазақстандық ұжымның сапарын ұйымдастырып отырған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі.
Байқауда «Тұмар» би ұжымы «Халық билері» номинациясы бойынша өнер көрсететін болады. Қазақстан намысын ұжымның ең талантты 12 мүшесі қорғайды, олардың барлығы 7 мен 16 жас аралығындағы балалар.