Бұл шара Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауы және «Халықаралық Абай клубының» серіктестігімен ұйымдастырылып отыр. Оған Елена Клепикова, Иван Полторацкий және Денис Брагинский қатысады. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген алматылық Елена Георгиевна ҚР Орталық мемлекеттік тарих мұражайында, Алматы қаласының тарихы мұражайында, Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік мұрағатында жұмыс жасаған. Ол 2008 жылы «Рус алтын қауырсыны» Ұлттық әдеби сыйлығының алтын лауреаты, Германияда 2008 жыл өткен «Перекресток 2009» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, «Жер ғажайыптары» Халықаралық ертегілер байқауының жүлдегері, биыл А. Чеховтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Өмір тамаша!» Халықаралық әзіл-сықақ поэзиясы мен прозасы әдеби байқауының лауреаты атанды. Қазіргі таңда Новосібір орманына қоныс тепкен келесі бір алматылық Иван Полторацкий «Открытие Прорта» музыкалық-поэтикалық театрының негізін қалаушылардың бірі. Оның өткен жылы Алматыда «Ангело(ло)г» жыр жинағы шықты. Ал кештің үшінші қатысушысы аккордеоншы Денис Брагинский.