Бұл туралы елордалық жол полициясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Жылу құбырларының тартылуына байланысты, шілденің 28-інен бастап Ә.Молдағұлова көшесінің Жеңіс даңғылы мен В.Потанин көшесінің аралығындағы учаскесінде көлік қозғалысы шектеліп отыр. Жөндеу жұмыстары аптаның соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ жол жұмыстарына байланысты Абай даңғылының Е.Брусиловский көшесінен Ш.Уәлиханов көшесіне қарай бағыттағы учаскесінде көлік қозғалысына жартылай шектеу енгізілді.
Жол полициясы басқармасы жүргізушілерден балама бағыттарды алдын ала таңдап, жол белгілері мен инспекторлардың нұсқауларын мүлтіксіз орындауды өтінеді.