Алматыда қайырымдылық туралы алғашқы деректі фильмнің таныстырылымы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда қайырымдылық туралы алғашқы деректі фильмнің таныстырылымы өтті

Алматыда қайырымдылық туралы алғашқы деректі фильмнің таныстырылымы өтті

Бүгін Алматыда Мега ойын-сауық кинотеатрында тұңғыш рет "Балаларға өмір сыйла!" деп аталатын қайырымдылық туралы түсірілген деректі фильмнің тұсауы кесілді.

  • 28 Шiлде 2010
  • 1725
Фото - Caravan.kz

Деректі фильмнің режиссері — Игорь Гонопольский, авторы — Жанна Балақаева. Аталмыш шығарма «Мейірімділік» (Үй) «Еріктілер қоғамы» қоғамдық қорының «Балаларға өмір сыйла!» деп аталатын акциясы аясында түсірілген. Бұл шара 2007 жылы ақпан айында басталған болатын.

«Фильм қайырымдылық деген түсінікке жауап береді. Қайырымдылық қорлар қалай жұмыс істейді? Қаражаттар қайда барып жатыр? Қайырым көрсету қалай тартылады? Олар жалпы кімдерге көмектесуде, сол балаларға көмектің қажет екендігіне қалай сенуге болады? Көмек берілгеннен кейін не болды? Ол балалар қалай өмір сүруде және оның ата-аналары көмек берген адамдарға не айтқысы келеді?… дегендей. Міне осы сұрақтардың бәріне бүгінгі фильм жауап бере алады. Бұл біздің жұмысымыздың есебі іспеттес», дейді «Үй» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин.

Ол сонымен қатар, «біздің қайырымдылық қор мыңдаған адамдардың және ондаған компаниялардың көмегімен үмітсіз қалған жандарға нағыз ғажаптың болатынын сендіріп, 2007 жылдың ақпан айынан 2010 жылдың шілде айына дейін 241 балаға жаңа өмір сыйладық. Олардың көпшілігіне «өмір сүруге еш үміт жоқ» деген диагноз қойылған болатын. Оларды емдеуге 1 миллион 340 мың 624 АҚШ доллары жиналды», деп атап өтті.
Таныстырылым барысында сонымен қатар, танымал суретші Жанарбек Аманқұловтың «Рахмет, Сіз маған өмір сыйладыңыз» деп аталатын күнтізбенің тұсауы кесілді. Онда түрлі операциялардан кейін сауығып кеткен, дені сау балалардың суреттері енгізілген.

Шараға фильмнің басты кейіпкерлері болған балалар және олардың ата-аналары, еріктілер, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, көмек көрсеткен дәрігерлер мен компаниялар қатысты.