Қазақстан Республикасының алғашқы көлік министрі теміржолшыларға арналған жаңа кітап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының алғашқы көлік министрі теміржолшыларға арналған жаңа кітап шығарды

Қазақстан Республикасының алғашқы көлік министрі теміржолшыларға арналған жаңа кітап шығарды

Астанада ел теміржолшыларына арналған «Қазақстан теміржолдарындағы вагон шаруашылығының істері мен адамдары» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Оның авторы - танымал қазақстандық публицист, Қазақ КСР-ның көлік министрі, кейін тәуелсіз Қазақстанның алғашқы көлік министрі Нығметжан Есенғарин.

  • 29 Шiлде 2010
  • 677
Фото - Caravan.kz

Кітапта автор, вагон шаруашылығы — теміржол құрылымындағы басқы шаруашылықтардың бірі екендігін айтады. Онда аталмыш құрылымның дамуына еңбек сіңірген вагон шаруашылығындағы адамдар мен істердің өткені мен бүгіні туралы жазылған. Бұл — нақты вагон шаруашылығы мамандарына арнап шығарылған алғашқы кітап.

Басылым үшін деректерді Н.Есенғарин бір жылдан астам уақыт жинады. Автордың пікірінше, кітап студенттер мен қатысушыларға ғана арналмаған, ол сондай-ақ теміржол көліктерінің қызметі қызықтыратын адамдар үшін де жақсы әдебиет.

Нығметжан Есенғарин — Еуразия халықаралық экономикалық академиясы мен Халықаралық көлік академиясының мүшесі. ҚР Журналистер одағының мүшесі. 20 кітаптың авторы, көптеген мемлекеттердің баспасөз беттерінде жарық көрген 400-ден астам мақаланың авторы. 30 жылдан астам уақыт бойы теміржол саласында қызмет етті.