Бұл мәдени шараға Америка, Англия, Швейцария, Оңтүстік Кипр, Түркия сияқты елдердің жастар оркестрлері ұжымдары және ТҮРКІСОЙ ұйымына мүше елдерден құралған Халықаралық камералық оркестр қатысуда.
«Ыстамбұл — Еуропаның мәдениет астанасы 2010» бағдарламасы аясында жүргізілген бұл шараны Түркияның жастар оркестрі қауымдастығы мен «Vokaliz Organizasyon» ұйымдастырып отыр.
Түркітілдес халықтар тарихында тұңғыш рет «ТҮРІКСОЙ» Халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасеиновтың бастамасымен және ТМД елдерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының, сондай-ақ Түркияның Анкара қаласындағы Ходжатепе университетінің қолдауымен түркі дүниесінің талантты жастарын біріктіретін музыкалық ұжым құрылды.
Тамыздың 4-і күні Ыстамбұлдың Айа Ирини мұражайының тарихи концерттік залында өнер додасына қатысқан «ТҮРКІСОЙ» Халықаралық камералық оркестрі өзінің алғашқы концертін көрермендер назарына ұсынатын болады.
Сонымен қатар, Түркияның астанасы Анкара қаласында өтетін концерттік бағдарламадан кейін, аталған көпұлтты музыкалық жастар ұжымы Германияның Байрот қаласындағы «Халықаралық симфониялық музыка фестиваліне» қатысып, еуропалық тындаушыларды өнерлерімен тамсандыратын болады.