Бұл польшалық қала үшін көрменің ерекше экспонаты бай жабдықтарға толы қазақтың нағыз киіз үйі болды. Сондай-ақ «Астана — болашақтың қаласы» және «Қазіргі Қазақстан» фотокөрмелері де қойылды.
Жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыруымен өтіп отырған «Теңіз бен Дала — екі күш» атты көрме Қазақстанның бастамасымен биылғы жылы БҰҰ-да «Мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылы» аясында Қазақстан мен Польша халықтарының мәдениетін танудағы тағы бір қадам болып табылады.
Көрме аясында қазақтың музыка өнерін зерттеуші Александр Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» кітабының тұсаукесері тағы бір айтулы сәт болды.
Көрме жаз соңына дейін жалғасады.