Екі күнгі қорытынды бойынша Қ. Түнтеков 6-шы орнын сақтап қалды - Юрмаладағы халықаралық ән байқауы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі күнгі қорытынды бойынша Қ. Түнтеков 6-шы орнын сақтап қалды - Юрмаладағы халықаралық ән байқауы

Екі күнгі қорытынды бойынша Қ. Түнтеков 6-шы орнын сақтап қалды - Юрмаладағы халықаралық ән байқауы

Юрмалада өтіп жатқан «Жаңа толқын - 2010» халықаралық ән байқауының 2 күннен кейінгі қорытындысы бойынша Қайрат Түнтеков өзінің жалпы есептегі 6-шы орнын сақтап қалды.

  • 30 Шiлде 2010
  • 623
Фото - Caravan.kz

Бұл ән мерекесінің екінші күнінде Түнтеков халық әні «Назқоңырды» нақышына келтіре шырқап, ұлттық «Қара жорға» биін сахналаған еді. Оның қоржынында әзірге 185 ұпай. Жалпы кестедегі бразилиялық әріптесі Габриела кешегі кезеңнен кейін төменге сырғып, болгариялық әншімен бірге 10-11-ші орындарды місе тұтты. Ал, сайыстың алғашқы күнінде-ақ топ бастаған украиналық Татьяна Ширко келесі күні 95 ұпай жинап, екі күнгі нәтижесі бойынша 1-ші орыннан түспей келеді. Эстониялық Уку Сувистенің еншісінде 190 балл. Ол Татьянадан бар болғаны 1 ұпай айырмасымен екінші орынға тұр. Онан кейінгі 3-4-ші орындарды 189 ұпаймен Израиль және Армения әншілері бөлісуде.

Айтулы жарыстың бұл күніндегі басты жаңалықтардың бірі «Сливки общества» атты жұлдызды топтың өнер көрсетуі болды. Құрамын әділқазылар толтырған бұл топта Игорь Крутой, Раймонд Паулс, Игорь Николаев және басқа да өнер саңлақтары болды. Олар сахнада «Сәтсіз кездесу» әнін орындады.

Жарыстың жалпы қорытындысы тамыздың 1-і күні шығады. Ал байқау үміткерлері ендігі кезекте авторлық ән шырқайды.