Алматыда бүгінгі Еуропаның шынайы бейнесі баяндалатын фотокөрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бүгінгі Еуропаның шынайы бейнесі баяндалатын фотокөрме ашылды

Алматыда бүгінгі Еуропаның шынайы бейнесі баяндалатын фотокөрме ашылды

Алматыда Австрияның Қазақстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен "Тәңірі-Ұмай" галереясында Барбара Цайдлердің «Europe, work in progress» деп аталатын фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 6 Тамыз 2010
  • 627
Фото - Caravan.kz

Көрмеге фотосуретшінің 500-ден астам суреттері қойылған. Фотолар 1989 жыл мен 2009 жылдары аралығында Еуропаның барлық жерлерінде, атап айтқанда, Англияда, Испания, Франция, Германия, Швейцария, Австрия, Түркия, Грекия, Чехия, Словакия, Венгрия, Польша және Украина жерлерінде түсірілген. Шараның мақсаты — жаңаеуропалық елдер арқылы Берлин дуалы бұзылғаннан кейінгі 20 жылдағы, бүгінгі Еуропаның шынайы бейнесін көрсету.

Аталмыш көрме қоғамдық, әлеуметтік өзгерістер мәселесі мен біртұтас Еуропа мәдениетінің алуан түрлілігіне арналған.

Фотокөрме тамыз айының 15-не дейін жалғасады.