Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар Қарағанды облысынан басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар Қарағанды облысынан басталды

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар Қарағанды облысынан басталды

Қарағанды облысында жұма, тамыздың 6-сы күні Тілдерді қолданау мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы жобасы бойынша қоғамдық тыңдау болды.

  • 6 Тамыз 2010
  • 995
Фото - Caravan.kz

«Қарағанды облысы — Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мемлекеттік бағдарлама жобасын таныстырып отырған алғашқы аймақ. Алдағы уақытта осындай қоғамдық тыңдаулар барлық аймақтарда өткізілетін болады», — деп атап өтті ҚР Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманәлиева.

Кездесуге сондай-ақ ҚР мәдениет министрлігінің Тілдер комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров қатысты. Талқылауға Үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ЖОО-дың ректорлары қатысты. Қоғам тарапынан айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер мемлекеттің бағдарламаның нақты нұсқасында ескерілетін болады, дейді мәдениет министрлігінің өкілдері.