Таразда ХІІ-ХІІІ ғасырдан жеткен бірегей қыш құмыра табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда ХІІ-ХІІІ ғасырдан жеткен бірегей қыш құмыра табылды

Таразда ХІІ-ХІІІ ғасырдан жеткен бірегей қыш құмыра табылды

Таразда, химпоселоктағы жекеменшік үйлердің бірінің ауласынан шамамен ХІІ ғасырдың соңы мен ХІІІ ғасырдың бас кезінің бірегей қыш құмырасы табылды.

  • 11 Тамыз 2010
  • 787
Фото - Caravan.kz

Үй иесі Әлиакбар Әлішеровтың айтуынша, іргетас құю үшін жер қазып жатқан кезде, екі метрдей тереңдіктен үлкен қыш ыдыс — хум құмырасы табылған. «Жердің астында бірнеше құмыра болған сияқты, себебі табылған жәдігердің жанында басқа да құмыраның сынықтарын көруге болады», дейді Ә.Әлішеров.

Оқиға орнына келіп кеткен Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының сәулетші-реставраторы Тайжан Дәуренованың айтуынша, табылған хумның формасына және орналасу тереңдігіне қарап, ыдыстың біздің дәуіріміздің ХІІ ғасырының соңы мен ХІІІ ғасырының бас кезінен, көне қала шекарасы қазіргі химпоселоктың ауданына дейін жеткен кезеңнен жеткенін пайымдауға болады.

Тарихшылардың пікірінше, қазіргі кент кезінде саудагерлер мен қолөнерлер қоныстанған, керуен-сарайлар орналасқан рабадтың орны болған. Археология институтының мамандары осы құмыра табылған жерге жақын жерде қазір көне керуен-сарайлардың орнын қазып жатыр.

ХІІІ ғасырда Тараз басқыншылардың шабуылдарынан кейін қирап, бірнеше ғасыр бойы иесіз қалып, қала шекарасы қазіргі орталық базардың көлеміне дейін тарылған. Мамандардың айтуынша, хум табылған маңнан тағы біраз жәдігерлер табуға болады.

Ә.Әлішеровтың үйінің ауласында жақын күндері «Өлкетану» қорының мамандары қазба жұмыстарын бастайды. Осы қордың мамандары осыдан 3 жыл бұрын Таразда VI ғасырдың көне ғибадатханасын тапқан болатын.