«Қазақфильм» жаңа көркем фильм түсіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақфильм» жаңа көркем фильм түсіруде

«Қазақфильм» жаңа көркем фильм түсіруде

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Асқар-Мұхит Нарымбетовтың режиссерлығымен «Ағайындылар» атты жаңа фильмнің түсірілімін аяқтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 11 Тамыз 2010
  • 877
Фото - Caravan.kz

Фильм сценарийінің авторы Ғалия Елтай. 90 минуттық көркем фильм орыс және қазақ тілдерінде түсірілуде. Басты ролдерде: Ғабит Мұстафа, Гүлнәр Дұсматова, Ғайникамал Байқошқарова, Алексей Пак, Жұлдыз Сапарғалиева ойнайды.

«Қазіргі ұғымымызда «қала қазағы» мен «ауыл қазағы» деген екі ұғымды түсінік қалыптасып қалған. Біздің мақсат осыны жою. Біз бір заманның ұрпағымыз, біз ешқашан бөлінбейміз. Менің жан әлемімде екі тәрбие бар. Бірі орыс тілді орта болса, енді бірі — тамырымызбен байланысты қазақы ұғым. Осы екі жағдайдың қоғамдағы шешілу жолдарына жауап іздейміз. Жалпы, бұл жоба біздің студент кезімізден ойымызда жүрген дүние еді», дейді Ғ. Елтай. Оның айтуынша, киноның жанры жастар киносы сипатын алған. Онда ағайынды Берік және Серік атты жігіттердің қызықты өмірі баяндалады.

Ғ. Елтайдың сценарийі бойынша бұған дейін 2004 жылы Рүстем Әбдірәшевтің «Қайта ояну аралы» фильмі түсірілген болатын. Сонымен бірге, ол «Терезе» киносының да сценарийін жазған.