«Қазақфильм» студиясының бірінші түсіру күні кеше «Ретро шлягер» клубында кешке қарай өтті.
8 сериялы фильмнің режиссеры Игорь Вовнянко, продюсері Қанат Төребай. Фильмге Досқан Жолжақсынов, Нұржұман Ықтымбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Линда Ниғматуллина, Ивар Кальнынш сынды танымал актерлер түсетін болады.
Фильм режиссеры Игорь Вовнянконың айтуынша, «Фильмның астарында ядролық қарудан бас тарту идеясы жатыр. Оның ішінде Семей ядролық полигонының жабылуы, ядролық қаруды жою және тағы да басқа бастамалар бар», деді Игорь Вовнянко.