Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бірқатар нәтижелер бергенімен, күрмеуі көп мәселелер әлі де болса жеткілікті - Б.Омаров - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бірқатар нәтижелер бергенімен, күрмеуі көп мәселелер әлі де болса жеткілікті - Б.Омаров

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бірқатар нәтижелер бергенімен, күрмеуі көп мәселелер әлі де болса жеткілікті - Б.Омаров

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруда өткен онжылдық кезеңінде бірқатар нәтижелерге қол жеткізілгенімен, күрмеуі көп мәселелер әлі де болса жеткілікті. Бұл туралы бүгін Астана қаласы әкімдігінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жобасын қоғамдық талқылау барысында ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров мәлім етті.

  • 3 Қыркүйек 2010
  • 885
Фото - Caravan.kz

Тілдерді қолдау мен дамытудың алдағы он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен маңызы туралы айтқан Б.Омаров, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудан өткен онжылдық кезеңінде де бірқатар нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

«Солтүстіктің тілі сынды, тілдік орта едәуір қазақыланды, шенеуніктер кәдімгідей сөз саптай алатын болды. Өзге ұлт өкілдері тіл игеруге барынша ықылас танытты. Қазақ меткептері мен бала башқалардың саны көбейді. Тележурналистикаға қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт жастары көбірек келді. Қазақша құжаттама тіл қалыптасты. Екі тілде, кейбірі үш тілде сөйлеп-жаза алатын жастар мемлекеттік қызметте де, бұқаралық ақпарат құралдарында да жиі бой көрсете бастады. Жалпы тіл саясатына деген көзқарас өзгерді. Тілдің киесі мен жұмыстың жүйесі бір арнаға толықты», — деді ол.

Өткен бағдарламаның нәтижелерін саралаған Б.Омаров, тіл мәселесінде күрмеуі көп мәселелер әлі де болса бар екендігін қадап айтты. «Ең алдымен, бұл қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі. Екіншіден, елдің қоғамдық-саяси өміріне мемлекеттік тілдің әлі де болса баяу енгізілуі. Үшіншіден, тіл мәдениетінің төмендеуі. Төртіншіден, шет ел тілдерін меңгеру қарқынының баяулығы», — деді.

Комитет төрағасы атап көрсеткендей, Тілдерді қолдау мен дамытудың жаңа бағдарламасы бұл проблемаларды жүйелі түрде шешуге бағытталған. Бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты — Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметін қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат қалыптастыру.