Тіл комитетінің төрағасы Тілдерді қолдау мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы тіл үйрету орталықтарының жұмысы сапалана түсетініне сенім білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тіл комитетінің төрағасы Тілдерді қолдау мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы тіл үйрету орталықтарының жұмысы сапалана түсетініне сенім білдірді

Тіл комитетінің төрағасы Тілдерді қолдау мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы тіл үйрету орталықтарының жұмысы сапалана түсетініне сенім білдірді

Тілдерді қолдау мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында құрылатын қазақ тілін оқыту орталықтарының желісі, бүгінгі күні ерінбегендердің ермегіне айналған қаптаған орталықтарды жоюға ықпал етпек. Бұл туралы бүгін Астана қаласы әкімдігінде аталмыш бағдарламаның жобасын талқылауға арналған кеңесте ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров айтты.

  • 3 Қыркүйек 2010
  • 1000
Фото - Caravan.kz

«Бағдарламада көрсетілген міндеттерге сәйкес, арнайы аккредитациядан өткен қазақ тілін оқыту орталықтарының желісі құрылады. Ал әзірге ерінбеген екі адам орталық ашып, бірі басшы, бір қосшы болып тіл сындырумен айналысып жүргені белгілі. Төменгі баға белгілеп, тендерден ұтып алған ақшасы айлығына да, шайына да жетпейтін, оқулығы түгілі, оқытушысы да жоқ орталықтар сабақ беріп жарытпайды. Тіл үйренуге құлқы жоқ кейбір мекемелер қағаз жүзінде ғана оқытатын, іздегенге — сұраған, осындай ора шолақ орталықтармен келісімшарт жасасуға мәжбүр», — деді ол.

Оның айтуынша, егер бұл мәселелер оң шешілсе аталған көлденең көк аттылар Астана қаласының «Руханият» пен «Зерде» тіл үйрету орталықтарының алдын орап кете алмайды.

«Бұл бағытты іске асыру арқылы орталықтардың білім беру қызметінің міндетті стандарттарын қабылдау ғана емес, олардың қызметін бағалаудың рейтингілік жүйесін де енгізу көзделеді. Тыңдаушылардың «Қазтесті» тапсырулары нәтижелері арқылы шынайы мәліметтер рейтингтің негізі бола алады. Сондай-ақ сынақ, біліктілік орталықтары желісін құру да көзделген. Мұндай орталықтар желісі мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын «Қазтест» сертификаттарын беруге де, оқытушыларды аттестаттау жүйесін құруға да арналған», — деді Комитет төрағасы.