«Мұрагер» продюсерлік орталығы бұл жобаны Алматы телеарнасы, Қазақ радиосы және «Ретро шлягер» клубымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Енді әр айдың екінші жексенбісінде ретро-жұлдыздар «Ретро шлягер» клубында бас қосатын болады. Алғашқы кешке «Алтын дән» ансамблі және Майра Дәулетбақова мен Сембек Жұмағалиев шақырылып отыр. Телеарнаға түсірілетін бұл кешке ай сайын 3-4 ретро-жұлдыздар қатысатын болады», дейді «Мұрагер» продюсерлік орталығының директоры, әнші Ералхан Әбішев. _Қазақ өнерінің өсіп-өркендеуіне үлес қосуды алдына мақсат етіп қойған өнер ордасы 2007 жылдың сәуір айында құрылған еді. Онда бұған дейін 70-80 жылдардағы өнер жұлдыздарының «Ретро жұлдыздар шақырады» деп аталатын концерттік үлкен жобасы жүзеге асырылған болатын.