Қазақстанның халық әртісі Есболған Жайсаңбаевқа мүсін орнатылды - Алматы облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халық әртісі Есболған Жайсаңбаевқа мүсін орнатылды - Алматы облысы

Қазақстанның халық әртісі Есболған Жайсаңбаевқа мүсін орнатылды - Алматы облысы

Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қапал ауылында Қазақстанның халық әртісі Есболған Жайсаңбаевтың мүсінінің салтанатты ашылуы болды. Мүсін әртістің атындағы орта мектепте орнатылды, деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасынан.

  • 8 Қыркүйек 2010
  • 724
Фото - Caravan.kz

Салтанатты шараға ауылдың тұрғындары жиналды, Е.Жайсаңбаевтың зайыбы — Салиха Қожақова, әртістің балалары, туған-туыстары мен достары шақырылды. Жиыннан кейін, жиналған қауым мектеп жанынан ұйымдастырылған Е.Жайсаңбаевтың мұражайымен танысты. Салтанатты шара Қапал ауылының Мәдениет үйінде өткен мерекелік концертпен қорытындыланды.

Мүсіннің ашылу рәсіміне танымал актер және режиссер, халық әртісі Асанәлі Әшімов, профессор, М.Әуезов атындағы Қазақ драмалық театрының директоры Есмұқан Обаев, басқа да танымал әртістер қатысты.

Есболған Жайсаңбаев 1940 жылы туған Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Қазақ драма театры жанындағы студияны, ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. 1960 жылы Қазақ драма театры әртістерінің негізгі құрамына қабылданған. Театр сахнасында алғашқы ойнаған рөлі — З.Шашкиннің «Заман осылай басталады» спектакліндегі Покудин.

Жайсаңбаев көбінесе комедиялық бейнелер сомдауымен көрермендер ілтипатына бөленді. Оның таңдаулы рөлдері — Хасен, Серке (Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай» мен «Ой, жігіттер-ай»), Сейіт (Ш.Айтматов «Аңсаған менің әнімсің» және Ғ.Мүсірепов «Ақын трагедиясы»), Дәуіт (Б.Майлин «Майдан»), Жапал (М.Әуезов «Еңлік-Кебек»), Махмұт (Д.Файзи «Шәркей»). Әртіс 1976 жылдан бастап бірнеше фильмге түсті.

Е.Жайсаңбаев 1983 жылы дүниеден озды.