Әкім Ысқақтың жаңа кітаптары жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкім Ысқақтың жаңа кітаптары жарық көрді

Әкім Ысқақтың жаңа кітаптары жарық көрді

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сазгер Әкім Ысқақтың бірнеше жаңа кітабы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 10 Қыркүйек 2010
  • 776
Фото - Caravan.kz

Автордың «Жүрек дәптері» атты кітабы «Астана полиграфия» баспасынан шықты. Бұл жинақ «Жүректегі жазулар» және «Адам іздеп жүрмін» деген екі бөлімнен тұрады.

Ал «Фолиант» баспасынан қаламгердің «Өмір, сені сүйемін» атты кітабы жарық көрді. Мұнда эссе, толғаныстар, көсемсөздер топтастырылған.

Сонымен қатар «Астана полиграфия» баспасы Ә.Ысқақтың Сабыр Рақымов туралы «Тұңғыш генерал» кітабын оқырманға ұсынды. Осы баспадан ақынның «Махаббат хаттары» атты жыр жинағын шығарып отыр.

Айта кету керек, бүгін, қыркүйектің 10-күні (сағат 15-00) Астана қаласындағы Президенттік мәдени орталықтың концерт залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сазгер Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» атты шығармашылық кеші өтеді. Бұл кеште өлеңдер оқылып, көңілді әндер шырқалады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта