Алматы облысында «Жұлдызды аспан-2010» атты авторлық әндердің алғашқы халықаралық фестивалі болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында «Жұлдызды аспан-2010» атты авторлық әндердің алғашқы халықаралық фестивалі болып өтті

Алматы облысында «Жұлдызды аспан-2010» атты авторлық әндердің алғашқы халықаралық фестивалі болып өтті

Алматы облысы Талғар ауданындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат саябағы аумағында орналасқан Маралсай шатқалында «Жұлдызды аспан-2010» атты авторлық әндердің бірінші халықаралық фестивалі болып өтті.

  • 13 Қыркүйек 2010
  • 722
Фото - Caravan.kz

Авторлық әндер фестивалі Қазақстан, Өзбекстан және Ресейден келген авторлық әндерге құмартушы 130 орындаушының басын қосты.

Авторлық әндерді дамыту мен оларды сақтап қалуды, туған өлкедегі туризмді танымал етуді, өскелең ұрпақты интернационализм мен патриотизм рухында тәрбилеуді, экологиялық білімді насихаттауды мақсат тұтқан конкурс екі саты бойынша ұйымдастырылды.

Байқаудың бас жүлдесін «КПСС» гитарада ойнаушылардың дуэті (Қазақстан) мен «Маралсай» фестивалі әнұранының авторы Эдуард Нұрханов (Ресей) жеңіп алды.

Фестиваль ұйымдастырушылары — «Үш аккорд» шығармашылық бірлестігі мен Алматы қаласы Ауған соғысы ардагерлерінің одағы болып табылады.