«Бәйтерек» ұйымының жетекшісі Зәуре Саминова өз сөзінде Қазақстан елшілігінің көмегімен біздің елдің тарихымен, мәдениетімен, әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларындағы жетістіктерімен таныстыруға бағытталған әртүрлі ұлттық, мәдени-гуманитарлық шаралардың өткізіліп отыратындығына тоқталды.
Қазіргі таңда «Бәйтерек» ұйымы Тәжікстанның әр аумағында тұратын 500-ге тарта қазақтардың басын біріктіріп отыр. Ұлттық салт-дәстүрлерімізді, тілімізді сақтап қалу үшін ұйым өз қызметінің аясында балаларды қазақ тіліне үйрететін жексенбілік мектеп ашты.