Мерекелік шараға облыс басшылығы мен аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, барлық мекеме және оқу орындары басшылары, студент жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Фестиваль барысында облыстағы ұлттық-мәдени орталықтар өкілдерінің бірнеше тілде дайындаған ұлттық айшықтағы өнерлері ұсынылды. Олар ұлттық дәстүрдегі ән-билерін қазақ және ана тілдерінде орындады. Онда сондай-ақ бейнетүсірілім көрсетіліп, облыстағы ұлттар достығы үлгісінің шынайылығын танытты. Түрлі ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайтын көрме ұйымдастырылды.
Соңынан тіл саясатын дамытуға зор үлестерін қосқан бірқатар азаматтар облыс әкімінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Тіл комитетінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.