Іс-шараның атқарушы директоры Манарбек Ермұхановтың ақпараты бойынша, қыркүйектің 28-і күні 6,5 мың адам би билеуге дайын болды. Олардың барлығы белсенді түрде дайындық жұмыстарына қатысуда. Бірнеше ірі еңбек ұжымдары шоуға қатысуға өздері ниет білдірген. Қазанның 2-сі күні қара жорға билейтіндердің қатары 7,5 мың адамға жетеді деп көзделген.