Астанада «Абай оқулары» байқауы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Абай оқулары» байқауы басталды

Астанада «Абай оқулары» байқауы басталды

Бүгін Астанада Қазақстан халқы тілдерінің XII республикалық фестивалі аясында Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері арасындағы дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауы өтуде.

  • 28 Қыркүйек 2010
  • 708
Фото - Caravan.kz

Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында ұйымдастырылған дәстүрлі шараға еліміздің барлық облыстары мен Астана қаласында ұйымдастырылған байқаулардың жеңімпаздары қатысуда.

Шараның мақсаты — мемлекетттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің де ықыласын арттыру болып табылады. Бүгінгі байқаудың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаровтың айтуынша, байқаудың басты ерекшелігі, ол өзге ұлт өкілдерінің арасында өтуінде. «Егер ұлы Абай сөйлеген тілде өзге ұлт өкілдері де сөйлеп, оның шығармашылығын дәріптеп жатса, бұл біз үшін жақсы жетістік. Себебі бұл қазақ халқының ұлттық игіліктерінің дәріптеліп жатқандығының белгісі», деді тіл комитетінің төрағасы.

Байқаудың ережесі бойынша оған қатысушы үміткерлер Абай шығармаларын немесе қара сөздерін жатқа оқу, «Абай жолы» романынан үзіндіні жатқа оқу, Абай әндерін немесе қазақтың халық әндерінің бірін орындау сияқты сындардан сүрінбей өтулері қажет.

Байқау Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры әртістерінің Мұхтар Әуезовтың «Абай» пьесасына қойған сахналық қойылымнан басталды. Байқаудың жеңімпаздарын халық жазушысы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза-Әли, Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есім, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Тұманбай Молдағалиев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің деканы Қансейіт Әбдезұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Диқан Қамзабекұлы сынды азаматтар анықтайтын болады.