Елордадағы ҚР Ұлттық кітапханасында жергілікті жұртшылықпен өткен кездесуде ол өзінің «Alle Tage» — «Күні бойы» атты романынан үзінділер оқыды. Кейін жазушы оқырмандардың сұрақтарына жауап қайырып, кездесудің соңы емен-жарқын тілдесуге ұласты.
Оның Орталық Азия елдерінде сапары Гете институтының бастамасымен Қазақстандағы Германия жылы аясында ұйымдастырылған болатын. Бұл сапар кезінде неміс жазушысының оқырмандармен кездесуі жоспарланған.
Кеше Т. Мора Қарағанды қаласында болған.
«Жұрт алдында өз романымнан үзінділер оқып жатқанымда, олар мені неміс тілінде түсінбей жатқандай әсерде болдым. Бірақ олар сұрақтар қойып, терең әңгімеге көшкенде, менің оқыған әрбір сөзім тыңдаушысыз болмағанын ұқтым», дейді ол.
Прозалық жанрда қалам тербейтін Т. Мораның «Күні бойы» романы Германияның, тіпті бүкіл Еуропаның әдебиетшілері мен оқырмандары арасында үлкен танымалдылыққа ие болып отыр. Ол Еуропа халықтарының барлық тілдеріне тәржімаланған. «Сондықтан Қазақстанға дәл осы романмен келуге шештім», дейді Т. Мора.
Астанадан кейін ол Қазақстанның басқа қалаларына және Қырғыстанға сапар жасайды деп күтілуде.