Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде Қариялар және Дүниежүзілік музыка күніне орай қайырымдылық концерті қойылды. Оған соғыс және еңбек ардагерлері, студенттер мен оқушылар шақырылды. Концертті «Оралым» фольклорлық ансамблі ашып, Құрмангазының «Саранжап» күйін орындады. Сонан соң көрермендер қалалық орыс халық аспаптар оркестрі, «Надежда» ән тобы, қалалық скрипкашылар ансамблі, «Адажио» балалар би ұжымы және басқаларының өнерін тамашалады.
Қазанның 1-і мен қарашаның 1-і аралығында өткізілетін дәстүрлі қайырымдылық айлығы аясында облыс көлемінде көптеген шаралар қолға алынуда. Айлық барысында жалғызілікті қариялармен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларға да көмек көрсетілетін болады.