Жаңақорғанда соғыс және еңбек ардагері Бидаш Искаковқа көше аты берілді - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңақорғанда соғыс және еңбек ардагері Бидаш Искаковқа көше аты берілді - Қызылорда облысы

Жаңақорғанда соғыс және еңбек ардагері Бидаш Искаковқа көше аты берілді - Қызылорда облысы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында соғыс және еңбек ардагері, Бидаш Искаковқа көше аты берілді. Бидаш ақсақал Теріскен тұзды көлінің қара балшығымен атағы шыққан «Жаңақорған» санаторийінде ұзақ жылдар еңбек еткен. Игілікті істердің көшбасшысы болған ол осы шипажайда бастауыш партия ұйымын басқарды.

  • 5 Қазан 2010
  • 907
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар талай жандардың дертіне дауа болған шипажайдың қалыптасуы мен дамуына да сүбелі үлес қосты. Осы жолға саналы ғұмырын арнаған тұлғаның есімін ардақтау мақсатында жерлестері оның атын көшеге беруге тілек білдірген болатын. Бұл ұсыныс кент әкімдігінен қолдау тауып, ауылға кіре берістегі санаторияға бұрылатын көшеге Бидаш Искаков есімі берілді.

Аталмыш шара барысында еңбек ардагерінің аты берілген көшеде митинг ұйымдастырылып, соңынан ұрпақтары әке аруағына бағыштап ас берді.

Перейти к новостям спорта