Бұл шараны Астана қалалық Мәдениет басқармасы ұйымдастырған. Өнер иесінің кешіне Астана мемлекеттік филормониясының қазақ халық аспаптары оркестрі қатысады. Бұл оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов.
Осы кеште халқымызға әсем де әсерлі күй сыйлап келе жатқан сазгердің көптеген шығармалары орындалады деп жоспарланып отыр.
Шығармашылық кеш сағат 19-00-де басталады.