ҚР Мәдениет министрлігі мен «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асырылған іс-шара аясында олар республикалық және жергілікті баспасөз өкілдерімен кездесіп, алда тұрған міндеттері, жаңа бағдарлама, соны іске асыруға бағытталған жұмыстары жайында ой бөлісті. Сонымен бірге баспасөз өкілдерінің сан алуан сауалдарына жауап беріп, өз жоспарларын ортаға салды. Спорт кешеніндегі өнер кешінде Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Марат Арапбаев, Марат Омаров, Евгений Шахрай, Артем Романов, «Ринго», «Бәйтерек» және «Дауыс Интернэшнл» топтары, «Шалқыма» бишілер ұжымы көрермен көзайымына айналды. Көкшеліктер де қарап қалмай өз тарту-таралғыларын ұсынды. Жерлестеріне әнші Райхан Жұмағалиева мен Олжас Сәбиденов әннен шашу шашты.