Осыған арналған шаралар Көкшоқы шағынауданындағы «Арман» мәдениет үйінде «Сері ақын сексен әннің басын қосқан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядан басталды. Онда жоғары оқу орындарының белгілі оқытушылары, республикаға танымал ғалымдар баяндама жасады.
Осы мерейтой үстінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегеновтің баспадан жаңа ғана шыққан «Нартай ақынның әдеби мұрасы» атты монографиясы таратылды. Конференцияда кітап авторы Нартай ақынның мұраларына кеңінен тоқталды.
Осыдан кейін «Ән мен жырдың дүлдүлі — ақын Нартай» атты республикалық ән фестивалі басталды. Оның қорытындысы бойынша атыраулық Ақмарал Ноғайбаева бас бәйгегені жеңіп алды.