Жинақтың бірінші томында ардақты ағамыздың көркем туындылары, очерктері және ән-күйлері берілсе, екінші томда — қазақ халқының мәдениеті, өнері, фольклоры мен этнографиясына арналған еңбектер, үшінші томда — «Қазақтың күй өнері» монографиясы, төртінші томда — «Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау» атты зерттеу еңбегі, бесінші томда — А.Сейдімбектің әр жылдары жазған мақалалары, ал алтыншы томда автордың аударма еңбектері топтастырылған. Осы жинақты жүйелеп, баспаға әзірлеу жұмысына кезінде Ақселеу ағамыздың өзі атсалысқан.