Астанада жас ақындардың республикалық айтысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жас ақындардың республикалық айтысы өтуде

Астанада жас ақындардың республикалық айтысы өтуде

Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жас ақындардың республикалық айтысы басталды.

  • 22 Қазан 2010
  • 610
Фото - Caravan.kz

Аталған өнер додасына еліміздің Алматы, Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Семей, Талдықорған, Арқалық, Көкшетау және Астана қалаларынан келген 20 жас қатысуда. Айтыстың әділқазылар алқасының құрамында «Асыл арнаның» директоры Мұхамеджан Тазабеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, Балғынбек Имашев, Жібек Бұлтанова және Қалқаман Сарин сынды белгілі ақын-айтыскерлер мен өнер майталмандары бар.

Ертең, қазанның 23-і күні айтыстың ақтық сындары өтпек.

Перейти к новостям спорта