«Германияның Қазақстандағы жылы аясында біз археология саласында да ықпалдастықты күшейтуге тырыстық. Германияның ғалымдары Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріндегі әріптестерінің көмегімен археологиялық зерттеулер жүргізді. Фотокөрменің негізгі мақсаты — Орталық Азия мен Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеу нәтижелерімен қалың жұртшылықты таныстыру», дейді Германияның Қазақстандағы Елшісі Райнер Шлагетер.
Көрмеде Орталық Азияда зерттеу жүргізген археолог мамандардың еңбек нәтижелерін қамтитын 50-ге жуық бірегей фотосуреттер мен каталогтар ұсынылып отыр. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданында табылған 47 құнды жәдігер қойылған.
Германия ғалымдарының Орталық Азия өңіріндегі 5 жылдық археологиялық жұмысының жемісін көрсететін фотосуреттер көрмесі бүкіл Орталық Азия мемлекеттерін шарлап, осыдан бір ай бұрын Алматы қаласына келген болатын.