Талдықорғанда «Елім менің, жерім менің Қазақстан» жастар фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда «Елім менің, жерім менің Қазақстан» жастар фестивалі өтті

Талдықорғанда «Елім менің, жерім менің Қазақстан» жастар фестивалі өтті

Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жетісу» орталық стадионында «Елім менің, жерім менің Қазақстан» атты облыстық жастар фестивалінің қорытындылары шығарылды.

  • 27 Қазан 2010
  • 670
Фото - Caravan.kz

Бұл іс-шараның мақсаты — «Қазақстан-2030» Стратегиясының, Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауының, облыстық жастар саясаты бағдарламасының жүзеге асырылуы, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін насихаттау, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

«Жастар — біздің мемлекетіміздің негізі. Сондықтан қазір жастар арасындағы мәселе мен оның шешілу жолдарына көп көңіл бөлінеді. Бірнеше жылдардан бері біз әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың балалары мен жетім балаларға ЖОО-да білім алатын грант бөліп келеміз. Биылғы жылы білім грантына ие болғандардың қатары 349 балаға дейін көбейді. Сондай-ақ Талдықорған қаласындағы оқушылар мен студенттерге қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік тудырғанымыз біздің жұмысымыздың тағы бір нәтижесі», — деді өз сөзінде облыс әкімі.

Жастар саясатына белсенді араласқан он алты аудан мен үш қаланың ішкі саясат бөлімдері 50 мың теңгеден сыйақы алды. Ал бірінші орынға ие болған Талдықорған қаласының ішкі саясат басқармасы облыс әкімі Серік Үмбетовтің қолынан 34 жергілікті автобус кілтін алса, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарына «Газель» автокөліктері берілді. Сондай-ақ ауыр атлетика бойынша Әлем чемпиондары атанған Майя Манеза мен Светлана Подобедоваға 2 млн. теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық табыс етілді.

Қорытынды фестиваль бағдарламасы бойынша үлкен театрландырылған қойылым қойылып, 5 мың адам «Қара жорға» биін биледі, 300 домбырашы күй шертіп, форум қатысушыларының барлығы «Атамекен» әнін шырқады.

Фестиваль жұмысына облыс әкімі Серік Үмбетов, республикалық Жастар конгресінің өкілдері, облыстағы қалалар мен аудандардың әкімдері, мәслихат хатшылығы, «Нұр Отан» партиясының қалалық және аудандық филиал төрағаларының орынбасарлары, облыстағы барлық жастар ұйымының өкілдері қатысты.