Талдықорғанда Сүйінбай Аронұлына ескерткіш ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда Сүйінбай Аронұлына ескерткіш ашылды

Талдықорғанда Сүйінбай Аронұлына ескерткіш ашылды

Бүгін Талдықорғанда «Мәдени мұра» президенттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халық ақыны Сүйінбай Аронұлына ескерткіш ашылды.

  • 29 Қазан 2010
  • 596
Фото - Caravan.kz

Талдықорған қаласындағы Спорт сарайының жаңа ғимаратының алдында облыс әкімі Серік Үмбетовтың қатысуымен қазақ жерінің танымал ұланы, композитор Сүйінбай Аронұлына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты орын алды.

Биіктігі шамамен он метр болатын монумент таза қоладан құйылған, авторлары — танымал қазақстандық сәулетші Қазбек Жарылғапов пен мүсінші Мерлан Әзмағамбетов.