Шанхайда «Экспо-2010» көрмесі өз жұмысын аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхайда «Экспо-2010» көрмесі өз жұмысын аяқтады

Шанхайда «Экспо-2010» көрмесі өз жұмысын аяқтады

Жексенбі, 31 қазанда Шанхайда Бүкіләлемдік «Экспо-2010» көрмесінің жабылу салтанаты болды.

  • 1 Қараша 2010
  • 720
Фото - Caravan.kz

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао көрменің жабылғандығы туралы хабарлады. 184 күнге жалғасқан Шанхайдағы Бүкіләлемдік әмбебап «Экспо-2010» көрмесіне 264 ел мен халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге келгендердің саны 73 млн. адамға жеткен.

ҚХР Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес Шанхайдағы «Экспо-2010» көрмесінің ұйымдастырылуына жоғары баға берді.

Шанхайдағы көрмені ұйымдастырушы комитет өкілдері «Экспо-2015» өтетін Милан өкілдеріне Халықаралық көрме бюросының туын табыс етті.

Қазақстан ұлттық павильонының директоры Райхан Ділмағамбетованың айтуынша, көрме барысында келушілерге біздің елімізді таныстырып, оның жетістіктері туралы, сондай-ақ әлем астаналары ішінде ең жас және қарқынды дамып келе жатқан қала — Астана туралы айтып беруге мүмкіндік молынан болды. Ұлттық павильонымыздың ұраны да елордамызға арналып, «Астана — Еуразия жүрегі» болған.

«Біздің павильонымыздағы ерекше көрініс Қазақстанның қысқы табиғаты туралы сыр шертетін фотоколлаж және еліміздегі «қысқы ауа райды» сездіртетін «Қыс» аймағы болды», — деп атап өтті Р.Ділмағамбетова.

Сонымен қатар келушілер елорда символы «Бәйтерек» монументінің көшірмесін тамашалай алды. Жалпы алғанда көрмеде Астана, Алматы және Қарағанды қалаларының алты өнер ұжымы жұмыс істеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Шанхайдағы 184 күндік көрме барысында қазақ павильонына 750 мыңға тарта адам келген.