Қазақстан азаматтарынан «сен мемлекеттік тілді білесің бе?» деп сұрайтын уақыт жетті - М.Құл-Мұхаммед - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматтарынан «сен мемлекеттік тілді білесің бе?» деп сұрайтын уақыт жетті - М.Құл-Мұхаммед

Қазақстан азаматтарынан «сен мемлекеттік тілді білесің бе?» деп сұрайтын уақыт жетті - М.Құл-Мұхаммед

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» өскелең ұрпақ үшін пайдасы зор болады. Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталы арқылы өткен он-лайн конференция барысында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

  • 10 Қараша 2010
  • 623
Фото - Caravan.kz

Министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ең саясиландырылған мәселелердің бірі мемлекеттік тілдің тағдыры, оның мәртебесі болды. «Біздің бағымызға орай Елбасының салиқалы, дана саясатының арқасында тіл мәселесі түпкілікті саясиланып кеткен жоқ. Қазақ тілі Конституция бойынша жалғыз ғана мемлекеттік тіл деген мәртебеге ие болды. Сонымен қатар Ата заңымыз бойынша қазақ тілімен қатар орыс тілі де тең дәрежеде қолданылады. Біз осы тәсіл арқылы тіл мәселесін тепе-

тең дамытуға мүмкіндік алдық. Өйткені екі тіл қазақтілділердің де орыстілділердің де сұраныстарын қанағаттандырды. Бұдан соң елде Мемлекет басшысының нұсқауымен 2000 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықты қамтитын мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бағдарлама дүниеге келді. Биыл біз осы бағдарламаны аяқтағалы отырмыз», -деді министр.
Оның пікірінше, аталмыш бағдарлама мемлекеттің тілдің дамуы мен оның мемлекет өмірінің барлық саласында қызмет етуіне қажетті жағдайлардың барлығын жасады. «Біздің ендігі қадамымыз алдағы онжылдықты, яғни 2020 жылдарға дейінгі аралықты қамтитын бағдарлама қабылдау болды. Бұл құжат мемлекеттік тілді елдегі бала-бақшалардан бастап, ересектерге дейін меңгертуді қарастырады. Біз Конституция бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіл деп көрсетілген тәуелсіз Қазақстанда 20 жыл бойы өмір сүріп келген болсақ, еліміздің азаматтарынан «сен мемлекеттік тілді білесің бе?», деп сұрайтын уақыт жеткен болар», деді М.Құл-Мұхаммед.