Екікүндік концерттің кешегі бөлімінде әлемдік деңгейдегі танымал симфониялар орындалды. Олар: Ф. Мендельсон — Рондо-каприччиозо, С. Рахманинов — Паганини тақырыбына вариациялар, П. Чайковский — Пессо-каприччиозо, Й. Брамс — Фортепианоға, скрипка мен виолончельге арналған концерт және С. Рахманинов — Элегиялық трио.
Ал солистер — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Аида Аюпова (скрипка), халықаралық конкурстар лауреаттары Ермек Құрманаев (виолончель) және Гүлжан Өзенбаевалар болды (фортепиано).
Концерттің бүгінгі бөлімі «Қазақ фортепиано музыкасының антологиясы» деген атпен өткелі отыр. Солист — ҚР халық әртісі Гүлжәмила Қадырбекова (фортепиано). Сонымен бірге, кеш бағдарламасында Т. Қажығалиевтің 4 бөлімді «Дала аңызы» мен Г. Маканың «Жарқанат пен күн» ертегісінің премьерасы өтеді деп жоспарланған.