Павлодар облысына қарасты Железин ауданында мәдени мекемелер желісі қалыпқа келтірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысына қарасты Железин ауданында мәдени мекемелер желісі қалыпқа келтірілуде

Павлодар облысына қарасты Железин ауданында мәдени мекемелер желісі қалыпқа келтірілуде

Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойын 13 ауылдық округтің барлығы жаңартылған мәдениет үйлерінде тойлайтын болады. Павлодар облысына қарасты Железин ауданындағы мәдениет мекемелерінің саны 11-ден 16-ға дейін артатын болады», - деді аудан әкімі Жанат Шұғаев.

  • 17 Қараша 2010
  • 550
Фото - Caravan.kz

Биылғы жылы бюджет және демеушілер қаражат есебінен аудандық Мәдениет үйінің алды жөндеуден өтіп, Есқара ауылындағы клуб қалпына келтірілді. Михайловка және Жаңажұлдыз ауылдарындағы мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп қойды. Захаровка ауылындағы клуб аудандық бюджет есебі мен демеушілік қаражат есебінен қалпына келтірілді.

Мәдениет мекемелер желісін қалпына келтіруге шаруа қожалықтарының басшылары мен ауылдың кәсіпкерлері белсене ат салысуда.