Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жаңа қойылымның премьерасы болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жаңа қойылымның премьерасы болмақ

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жаңа қойылымның премьерасы болмақ

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры өз көрермендерін 27-28 қараша күндері премьерамен қуантпақ. Жаңа қойылым - орыс драматургі Н.Птушкинаның «Тастама мені» комедиясын театрдың бас режиссері Мұқан Томанов қойғалы отыр.

  • 22 Қараша 2010
  • 726
Фото - Caravan.kz

Қазақ драма театрынан Ардақ Нықмұқанованың хабарлағанындай, комедия күйеуі тастап кетіп, жапанда жалғыз қалғандай күй кешкен бір әйелдің көшедегі сиырды үйге кіргізіп алып, оны адамша күтіп-бағып, тіпті онымен сырласып, мұңын шағып, бауырына басатын ғаріп жанның өмірін баяндайды. Бірақ осы бір мұңды қойылымнан қазіргі адамдардың бір-бірімен тасбауыр, қатігез қарым-қатынасы, адам жанының өрмекшінің торындай өте нәзік иірімдері, адамнын адамшылық қалпын сақтап қалуы деген сияқты мәңгілік мәселелерді де табуға болады.

Бас рольдерде театр артистері Жанаргүл Құрманғалиева, Қуаныш Амандықов, Хорлан Шәмелова, Талиғат Жігеров ойнайды.

Перейти к новостям спорта