Алматыда ақиық ақын М. Мақатаевтың 80 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  ақиық ақын М. Мақатаевтың 80 жылдығына  арналған салтанатты кеш  өтті

Алматыда ақиық ақын М. Мақатаевтың 80 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті

 Алматыда Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлкеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Сірә, мен өлмейтін шығармын» деген тақырыпта ақиық ақын М.Мақатаевтың 80 жылдығы мен №140 мектеп-гимназияның 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш болып өтті.

  • 1 Ақпан 2011
  • 1622
Фото - Caravan.kz

Поэзия жұлдызына арналған кеште Мұқағали Мақатаевтің өлеңдері оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сонымен қатар, «Мұқағали» атты қойылым көрсетілді.

Аталмыш шараға мұрындық болған, М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияның директоры Сәния Тілеубайдың айтуынша, шара өлең өнеріміздің көсегесін көгерткен тұлғалардың бірегейі, қазақ классикалық поэзиясының марқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналады. «Осы айтулы мерейтойға орай бұл шараны өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсат — ақын өлеңдерін насихаттау, жас өскіннің бойында патриоттық сезім тәрбиелеу және ақынның мерейтойын халыққа қала көлемінде ұсыну болып табылады»,-деді ҚР білім беру ісінің үздігі Сәния Тілеубай.

Оның айтуынша, Мұқағали мұрасы — ұлттық мұраға қосылған асыл қазыналардың бірі. «Бүгінде Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ. Оның нәзік поэзиясы жырсүйер әр жанның жүректерінен ойып орын алды. Бұл Мұқағали жырларының мәңгілік екендігін көрсетеді. Ендігі жерде ақынның сыр сандығын ақтарып, оны өсу мен өркендеудің ұлағатты үрдісіне лайықты пайдалану міндеті бәріміздің еншімізде қалып отыр. Мұқағалидай ақыны бар халық- бақытты халық!»,- деп атап өтті Сәния Тілеубай.


Кешке келген қауым бүгінгі ұрпақтың ақын өнерін, шығармашылығын қастерлей білетіндіктеріне көз жеткізіп қайтты.

Перейти к новостям спорта