«Парыз» байқауына белсене қатысқан кәсіпкерлер марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Парыз» байқауына белсене қатысқан кәсіпкерлер марапатталды

«Парыз» байқауына белсене қатысқан кәсіпкерлер марапатталды

Республикалық «Парыз» байқауына белсене қатысқан батысқазақстандық кәсіпкерлер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алғысхатымен марапатталды.

  • 1 Ақпан 2011
  • 579
Фото - Caravan.kz

Республикалық «Парыз» байқауының қорытындысы бойынша 2010 жылдың 21 желтоқсанында Астана қаласында Елбасы Н.Назарбаев пен Үкімет басшысы К. Мәсімовтің қатысуымен бас жүлделерді тапсыру салтанаты болып өткені мәлім. Еліміз бойынша ірі кәсіпорындар арасынан «Үздік әлеуметтік жоба» аталымында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компаниясы озық шыққан болатын. Сондай-ақ 18 желтоқсан күні күміс және қола жүлделермен марапаттау рәсімінде «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша «Тасқала-дән» ЖШС қола жүлдені иеленген еді.

Байқау «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік ұжымдық шарт», «Үздік әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорын» аталымдары бойынша өтті. Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жеке кәсіпкерлерді әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмылдыруға арналған аталмыш байқауға рсспублика бойынша 500-дей, ал БҚО-дан 22 кәсіпорын қатысқан болатын. 2010 жылы облыста мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасында әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 278 меморандум қабылданып, халыққа 100 млн. теңгенің көмегі көрсетілген.

Министрліктің алғысхатымен марапатталғандар арасында «Конденсат» компаниялар тобы» консорциумының президенті Валерий Жүнісов, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ басшысы Мұхаметжан Кенжеғұлов, «Эксперимент» ЖШС-нің директоры Ақсерік Әйтімов, «Василец» ЖШС директоры Алексей Василец, «Орал «Зенит» зауыты»АҚ-ның бас директоры Вячеслав Валиев сияқты танымал кәсіпорын басшылары бар.


Перейти к новостям спорта