«Толеранттылық - бірге өмір сүру өнері» атты фотоөнер көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Толеранттылық - бірге өмір сүру өнері» атты фотоөнер көрмесі ашылды

«Толеранттылық - бірге өмір сүру өнері» атты фотоөнер көрмесі ашылды

Алматыда 7-Қысқы Азия ойындары аясында Орталық көрме залында Алматы қаласы әкімдігінің Қысқы Азиада ойындары-2011 дирекциясы және Көркемсурет көрмелері мен аукциондар дирекциясы ұйымдастыруымен «Тағылымдылық - бірге өмір сүру өнері» атты фотоөнер көрмесі ашылды.

  • 1 Ақпан 2011
  • 761
Фото - Caravan.kz

Көрмеге 50 автордың түрлі жанрдағы 100 жұмысы қойылған. Сондай-ақ, фотопейзаждар мен портреттерді де тамашалауға болады. Мәселен, О. Ионовтың "Үндістан-Қазақстан", И. Петраковтың «Тағылымдылық», К. Мьюирдің «Бәйтерек: Қазақстан рухын сезін» фотожұмыстары авторлардың позициясы мен Қазақстанның әлеуметтік, мәдени және қазіргі өмірін көрсетеді. Сонымен қатар, фотосуретшілердің ішкі құмарын спорттық сюжеттерден де көруге болады. Мұнда суретшілер сезімнен түңілуге дейінгі, мұңаюдан қуаныш-шаттыққа дейінгі адамға тән бүкіл эмоцияны толығымен берген. Оны Ф. Сайфуллиннің «Мәреге жақын қалды», «Екпін», А. Рахымованың «Меже» атты түсірілімдерінен байқауға болады. Олардың жұмыстарының сюжеттері өмірдің қызығы мен шаттыққа бөленген оптимизмге толы. Суретшілердің айтуынша, түсірілген әр бір сәт — қайталанбас сәтке айналады.

"Фотосуретшілердің ең жақсы көретін тақырыптарының бірі — анимализм, олар онда көбінесе жылқыға айрықша көңіл бөледі. Фотошеберлер арғымақтарды спорттық жарыста, аламан бәйгеде, «Көкпар» ойынында кез келген қырынан көрсете білген. Оларды В. Горбуновтың «Көкпары» мен «Бәйгесінен», Л. Черновтың «Жігіттерінен» тамашалауға болады",-деді Орталық көрме залының директоры Әсел Өміршина. Оның айтуынша, дәлдікті бейнелілікпен ұштастыру сияқты сирек берілетін қасиет көрмеге қатысқан әрбір суретшінің бойында бар.


Шара барысында байқаудың көркем және шығармашылық қоғамдастық өкілдерінен құралған қазылар алқасы жұмыстарды іріктеп, «Кәсіпқой», «Юниор және әуесқой» категориялары бойынша байқау жеңімпаздарын анықтайтын болады. Ең мықты деген туындылардың авторлары арнайы дипломдармен марапатталады.

Перейти к новостям спорта