Орталық Азия қолданбалы өнерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия қолданбалы өнерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды

Орталық Азия қолданбалы өнерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды

Алматыда «Мәдени Азиада-2011» фестивалі аясында Орталық мұражайда «Керуен-сарай» деп аталатын көрме-жәрмеңке ашылды.

  • 3 Ақпан 2011
  • 586
Фото - Caravan.kz

Көрме-жәрмеңкеде еліміздің, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің 150-ден аса белгілі өнер иелері, халық шеберлері мен суретші-қолданбалы өнер өкілдерінің туындылары бар. Сонымен қатар, еліміздің "Шебер-2011» және ЮНЕСКО-ның «Сапа белгісі» байқауының жеңімпаздары да өз жұмыстарын қойған.

Шара барысында Орталық Азия мен еліміздің барлық аумағынан келген қолөнершілер жұртшылық назарына өз жұмыстарын таныстырып, мата, киіз, зергерлік, кестелік, тері және қыш бұйымдарының жасау тәсілдерінің барлық құпияларын ашпақ.

Азиада мен мұражай қонақтары халық шеберлерінің туындыларын қарап, естелікке сатып алып қана қоймай, бұйымдарды дайындаудың шеберлік сыныбына да қатыса алады.

Көрме аясында белгілі дизайнерлер -Балнұр Асанованың, Балхия Досанованың, Татьяна Воротникова мен Валентин Романенконың, қолөнершілер Күлән Жанғұттының, Элмира Шермұханбетованың, кәсіби суретші Сәуле Бапанованың этникалық киім үлгілерінің фэшн-шоу қойылымдары өтетін болады.

6 ақпанға дейін болатын мұражай шаңырағының астында 5 күн бойы "Азияның халық аспаптары" концертінде дархан даланың ұлттық айшықты музыкасы шарықтап, әуелейтін болады.


"Барлық өткізілетін акциялар өнерлерін Қазақстандағы үлкен спорттық оқиғаға арнаған шығармашылықтың, таланттардың думанды үлкен мерекесі. Бүгін барлық халық шеберлері өз жұмыстарын Азиадаға арнауда. Осылайша олар өз қолдауларын білдіруде",-деді мәдениеттанушы Баян Алдабергенова.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның қолөнер шеберлерінің туындылары әлемдік деңгейде мойындалып, халықаралық дәрежедегі көрмелерге қатысып, жоғары сапаға ие болған. "Бүгін көрмеге қатысып жатқан «Шебер-2011» және ЮНЕСКО-ның «Сапа белгісі» байқауының 12 аталым жеңімпаздарының бұйымдары соның бір айғағы",-деп атап өтті ол.

Перейти к новостям спорта