Брюссель: Қазақстанның, Ресей мен Беларустың танымал суретшілерінің көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брюссель: Қазақстанның, Ресей мен Беларустың танымал суретшілерінің көрмесі ашылды

Брюссель: Қазақстанның, Ресей мен Беларустың танымал суретшілерінің көрмесі ашылды

Еурокомиссияның аты әлемге әйгілі «Берламон» ғимаратында бейсенбі күні «Ұқсастықты іздеу» («Search for roots») атты көрме ашылды, ол көрмеге Қазақстан, Ресей мен Беларустың қазіргі белгілі суретшілерінің туындылары қойылды.

  • 4 Ақпан 2011
  • 664
Фото - Caravan.kz

Көрмені ұйымдастырушылардың бірі, «Liberty Communication» компаниясының жетекшісі Светлана Попова айтып өткендей, бұл жобаның негізгі мақсаты Еуропалық Одақ пен ТМД елдері арасындағы мәдениетаралық диалогтың дамуына көмек көрсету. «Бұл жерде қазақстандық екі суретшінің, Беларустан келген екі суретші мен Ресейдің екі суретшісінің туындыларын көруге болады. Біздің осылай ұйымдастыруымыздың себебі, бұл суретшілердің қайнар көздері бір, алғашқы сурет мектептері де ұқсас. Кейін олардың әрқайсысы жеке жол таңдап, өнердегі өз бағыттарын іздеді. Қазір міне, ол ізденістің нәтижесі көрініп тұр», — деп атап өтті ол.

С.Попованың айтуынша, осы көрмені ұйымдастыруда Қазақстан, Беларус, Ресей мен Германия Елшіліктері, сонымен қатар Еуропалық комиссия көп үлес қосты.


Жиналған қауымның алдында сөз алған Бельгиядағы ҚР елшілігінің елші-кеңесшісі Ержан Қыстафиннің айтуынша, бұл көрме мақсаты — Қазақстан, Ресей мен Беларус өнерін, мәдениетін паш ету.

17 ақпанға дейін созылатын көрмеде Марат Бекеев, Евгения Ягер, Нина Ступина, Игорь Тишин мен Наталья Залозная сияқты суретшілердің әртүрлі бағыттағы 30-ға жуық туындысын көруге болады.

Перейти к новостям спорта