Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай жас ақындар мүшайрасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай жас ақындар мүшайрасы өтеді

Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай жас ақындар мүшайрасы өтеді

Сырлы да нұрлы ой мен мөлдір де терең тебіреністің тұңғиығынан жыр маржанын тізе білген дарыны дара, сөзі сара Мұқағали ақынның 80 жылдық мерейтойына орай С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ және қазақ тілі кафедрасы ұжымының бірлесе ұйымдастырумен ақпанның 9-жұлдызында «Қыранбыз қырандардан жаратылған» атты қалалық жас ақындар мүшайрасы өткізілмек.

  • 8 Ақпан 2011
  • 1091
Фото - Caravan.kz

Аталмыш шараға Астана қаласы Тілдерді дамыту департаментінің басшысы Оразгүл Асанғазықызы мен еліміздің атақты ақын-жазушылары қатысады деп күтілуде.

Ақынның бай мұрасын жастарға өнеге, ұрпаққа ұлағат етіп, рухы биік, таланты тегеурінді біртума тұлғаның биік рухына тағзым ету мақсатымен, сондай-ақ жүрегінде жалын бар жас жыр сүйер ұрпақтың дарынын танып, талабын шыңдау мақсатында қолға алынған бұл игі шараға 17-25 аралығындағы қарымды жас өнерпаздар қатыспақ.

Дүбірлі доданың алғашқы үш орнын иеленген жеңімпаздарға сәйкесінше ақшалай жүлделер тағайындалған.


Перейти к новостям спорта