Көпшілік тағатсыздана күтіп жүрген үлкен мәдени шараның түсірілім алаңын БАҚ өкілдері алғашқылардың бірі болып көруге мүмкіндік алады. Үлкен мәдени шараның қызыққа толы сахна сыртындағы өмірі мен соңғы үлгідегі заманауи техникалық жабдықталған сахналық түсірілім алаңының құрылымы АҚШ пен Германиядан жеткізілген 40 тоннаға жуық шоу-қондырғылардан тұрады. Айта кетер жәйт, дәл осындай сахналық қондырғыларды өз концерттерінде миллиондаған халықты жинайтын әйгілі Элтон Джон, Rammstein сынды әлем жұлдыздары қолданады.
«Қазақтың 100 әні» жобасының студиясы 110 дауыс беру терминалдарымен жабдықталған. Ол терминалдар арнайы бағдарламаның негізінде жүзеге асатын компьютерлерге қосылған. Соның арқасында жобаға қатысушы әрбір ойыншының жауабы дәл сол сәтте тіркеліп, қорытылады.
Бұл жобаға үздік отандық мамандармен қатар, «Евровидение» ән байқауы сынды басқа да ірі тележобаларды жасап жүрген шетелдік мамандар шақырылды. Шара барысында тілшілерге аталған кәсіби шетел мамандардың жұмысымен танысып, олармен тілдесуге жағдай жасалады.
«Қазақтың 100 әні» жобасы «Қазақстан» Ұлттық арнасында 26 ақпаннан басталады.