Алматыда «Салық Зиманов - патриот, азамат, ғалым» атты кітап көрмесі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Салық Зиманов - патриот, азамат, ғалым» атты кітап көрмесі өтіп жатыр

Алматыда «Салық Зиманов - патриот, азамат, ғалым» атты кітап көрмесі өтіп жатыр

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті ғалым, заңгер, қоғам қайраткері, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Салық Зимановтың өмірі мен қызметінен сыр шертетін «Салық Зиманов - патриот, азамат, ғалым» атты арнайы безендірілген кітап көрмесі өтуде.

  • 18 Ақпан 2011
  • 993
Фото - Caravan.kz

С. Зимановтың мерейтойына арналған көрме «Отбасы, әскери өмірбаян», «Ұлттық-мемлекеттік құрылыс стратегі», «Ғылыми және педагогикалық қызметі», «Ұлы адамдар жайлы», «С.Зиманов туралы», «Лайықты шәкірттер» атты алты бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде ғалымның өмірі мен қызметі жайлы ақпараттар, туған жері туралы материалдар, отбасы, қатардағы жауынгерден гвардия майорына дейінгі өсу жолы мен марапаттары жайлы энциклопедиялық басылымдар ұсынылған.

Ал келесі бөлімде академиктің депутат, заң шығару органдарындағы түрлі комитеттердің төрағасы және тәуелсіз еліміздің идеологы ретіндегі қызметін көрсететін кітаптары мен монографиялары қойылған.


Сондай-ақ көрмеде С. Зимановтың атақты билер Төле, Қазыбек, Әйтеке жайлы зерттеулері мен ұлы ойшыл Абай, Ш.Уәлиханов, М.Сералин, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы ғылыми мақалалары мен баяндамалары да орын алған.

Перейти к новостям спорта