Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінен хабарлады.
ҚАЖК-ның Астана қаласы бойынша департамент бастығы Ермекбай Қожахметовтің сөзіне қарағанда, кәсіби әртістердің қайырымдылық концерті Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды және мұндай шара жыл басталғалы аталмыш коллонияда алғаш өткізіліп отыр.
Сотталғандардың назарына ұлттық билердің түрлі нөмірлері ұсынылды. Көрермендер вокалды жанр әртістерінің өнерін де үлкен қошеметпен қарсы алды.
«Бұл сотталғандар үшін үлкен мереке болды және мәдени-бұқаралық мұндай шаралар бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі тәртіптік жағдайды түзеуге оң септігін тигізері сөзсіз», — деп атап өтті Е.Қожахметов.