Қызылорда облысы: ғылыми кітапханада «Сырдың сұңқар ақыны» атты әдеби подиум өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысы: ғылыми кітапханада «Сырдың сұңқар ақыны» атты әдеби подиум өткізілді

Қызылорда облысы: ғылыми кітапханада «Сырдың сұңқар ақыны» атты әдеби подиум өткізілді

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, драматург, сыншы, әдебиет және театр зерттеушісі Әбділда Тәжібаевтың көпке танымал

  • 25 Ақпан 2011
  • 809
Фото - Caravan.kz

(элитарлық) шығармаларының бірі «Сырдария» өлеңінің 75 жылдығына арналған «Сырдың сұңқар ақыны» — «За все благодарию, родную Сырдарью» атты әдеби подиум өткізілді. Шара қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылды.

Әдеби подиумға №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің, №7 орта мектептің оқушылары қатысып ақынның «Сырдария» өлеңін қазақ, орыс тілдерінде оқыды. Сонымен қатар №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің музыка пәнінің мұғалімі Несібелі Шамаханова Б.Байкенжеевтің әніне жазылған ақынның «Сырдария» әнін орындады. Әдеби подиумда ақынның жазған өлең поэмаларын оқып, «Толағай» поэмасынан қойылым көрсетілді.

Балалар әдебиеті бөлімі жанынан ұйымдастырылған «Рауан» клубының белсенді мүшелері, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың балауса ақындары және №7 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақмарал Тұрсынбаева, №7 орта мектептің оқушысы Мақаш Нұрболат, №101 орта мектептің оқушысы Амангелді Шаттық, №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің 10 сынып оқушылары Эм Света, Майра Болатова ақынға арнау өлеңдерін оқыды.Кеште №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп жанынан ұйымдастырылған «Самұрық» би тобы өз өнерлерін көрсетті. Осы кешке арнайы «Сырдың сұңқар ақыны», «Щедрость таланта» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Перейти к новостям спорта