«Әнім сенсің, туған жер!» атты бұл сайысты аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Аталмыш ән байқауында 28 талапкер өз қабілеттері мен бақтарын сынап көрді. Олар негізінен туған жер, Отан, Астана, еліміздің тәуелсіздігі, атамекен, дала және ата-ана тақырыптары бойынша шығарылған әндерді орындады.
Конкурстың қазылар алқасы Бозкөл ауылынан келген талапкер Әйгерім Жұмабекті жеңімпаз деп тапты. Ол екі әнінің бірі ретінде назарға ұсынған «Ана туралы балладаны» барынша нәшіне келтіре шырқай білді.
Жүлдегерлердің бәрін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арнайы сыйлықтармен марапаттады.